Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда үй ішінен үй тігуді мақсат еткен сепаратистерге қатысты сот отырысы басталды

Петропавлда өздерін халықтық жұмысшылар кеңесін құрушылармыз деп жариялағандарға қатысты сот процесі басталды. Олар сепаратизм үшін айыпталуда, деп хабарлайды тілшіміз.  

Естеріңізге сала кетейік, ел ішінде шу шығарған оқиға осы жылдың наурыз айында болған еді. Сол кезде Солтүстік Қазақстан университетінің коллежінде өздерін КСРО мұрагерлері ретінде көрсеткен Петропавлдың 19 тұрғыны жиналыс өткізіп, онда Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл еңбекшілерінің халық кеңесін құру туралы мәлімдеді.

Жиналыс барысында олар Қазақстан мемлекетін мойындамайтыны және оның тәуелсіздігін жоққа шығаратыны туралы Декларацияға қол қойған.

Жиынның видеолары әлеуметтік желілерде таралып, көпшілік ішінде наразылық тудырды. Жұрт оларды сепаратизм үшін жауапкершілікке тартуды талап етті.

30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *