Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда көпсалалы аурухана құрылысы қайта жанданады

Петропавлда облыстық көпсалалы аурухананың құрылысы қайта жанданады. Өңірге жұмыс сапарымен барған денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды тілшіміз.

500 орынға арналған медициналық ұйымның іргетасы 2019 жылы қаланған. Және ол былтыр халық игілігіне берілуі тиіс болатын. Алайда нысанның құрылысы тоқтап қалды. Вице министрдің айтуынша қазір жобалық- сметалық құжаттарға түзетулер енгізіліп жатыр. Артынша ол  сараптамадан өтеді. Әлемдік стандарттарға сай келетін кешенде онкологиялық диспансер, кардиологиялық және перенаталдық орталық сынды бірқатар мекеме біріктіріледі.

Нысан пайдалануға берілген кезде, өңірде кадр тапшылығы мәселесі шешіледі. Жалпы айта кету қажет бүгінде облысқа 200-ге жуық дәрігер жетіспейді. 

«Бұл аурухана мемлекеттік жекешеншік әріптестік аясында салынады. Оған түрік инвесторы қаржы құйды. Қазір тиісті құжаттарға түзетулер енгізіліп жатыр. Жоба жүзеге асқан кезде солтүстік қазақстанға шетелден білікті мамандарды тарту көзделіп отыр. Болашақта мұндай жобаны басқа аймақтарда да жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *