Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ішімдік ішіп көлік тізгіндеген жүргізуші жазадан құтылып кетпек болған…

Солтүстік Қазақстан облысында алкагольдік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізуші жазадан құтылып кетпек болған. Іске прокурорлардың араласуының нәтижесінде ол жауапқа тартылды, деп хабарлайды тілшіміз.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада оқиға Уәлихано ауданында болған. Ер адам мас болса да, темір тұлпарын тізгіндеген. Оның бұл әрекетін сот аса қажетітіктен туындаған шара деп, оны жауапкершіліктен босатқан. Іс материалында жүргізушінің әкесіне шұғыл медициналық  көмек керек болғандығы айтылады.  

«Жүргізуші орташа деңгейдегі алкогольдік масаң күйде көлік құралын аудан орталығында басқарған, сондай-ақ банкоматқа және ауруханаға соққан, медициналық мекемелерге бармаған, жедел көмекке барған. Прокурормен аталған қаулыға апелляциялық өтінішхат келтірілді және жүргізушінің әрекетінің төтенше емес екендігін дәлелдейтін материалдар ұсынылды, ал жағдайды ол жауапкершіліктен құтылудың тәсілі ретінде пайдаланған», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Апелляциялық сатыдағы сотпен прокурордың өтінішхаты қанағаттандырылды. Жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Одан басқа, жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *