Петропавлда жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 келіден астам гашиш тәркіледі
Облыс орталығындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен есірткі табылды. Оныншы қазан күні солтүстікқазақстандық полицейлер 25 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын ұстап, оның баспанасын тінту кезінже «дозаларға» бөлінген өсімдік тектес зат салынған 100 полимерлік пакет тәркіленді, — деп хабарлайды тілшіміз.
Сараптама қорытындысы оның гашиш екенін көрсетті. Есірткінің жалпы салмағы 2 килограмнан асады.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
«Есірткі өткізуде күдікті адам қазіргі уақытта қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Гашиштің аса ірі мөлшері 200 грамнан басталатынын естеріңізге саламыз. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігінің санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді» , -дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров
Жалпы облыс полицейлері жыл басынан заңсыз айналымнан 730 келіден астам түрлі есірткі заттын тәркілеп алды, оның 708 келіден астамы марихуана мен кептірілмеген қарасора.
Тағы 20,5 келіден астамы гашиш 2,2 келіден астамы синтетикалық психобелсенді заттар.