Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 247 миллион теңгеден асқан

Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлемей жүргендердің жалпы қарызы 247 миллион теңгеден асқан. Өңірде 160 борышкер бар, деп хабарлайды тілшіміз.  

Алимент төлемдерін өндіріп алу және алиментті қасақана төлемейтін борышкерлерді Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелері жөнінде облыстық прокуратурада ведомствоаралық кеңес өтті. Жиынға қадағалаушы орган өкілдерінен бөлек сот орындаушылары мен тергеушілер қатысып, өзара іс-қимылды талқылады. 

Жиында сот орындаушылардың ұсыныстарды дайындау сапасы, оларды енгізудің негізділігі және қылмыстық істер бойынша тергеушілер қабылдаған процессуалдық шешімдерінің заңдылығы мәселелері талқыланды. 

«Өңірде бұл мәселе өзекті. Қазіргі уақытта СҚО-да қасақана алимент төлемей жүрген 160 адам бар. Олардың жалпы қарызы — 246,9 миллион теңге. Борышкерлердің 14-і қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 11 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Прокурорлар бұған дейін тоқтатылған 55 қылмыстық істің заңдылығын қарап, нәтижесінде 4 қылмыстық іс бойынша заңсыз процестік шешім жойылды. Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды дұрыс жібермегені үшін 5 сот орындаушысы әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Талқылау нәтижесі бойынша сот актілерін орындауға, мемлекеттік және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын арттыруға, оның ішінде ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қасақана алимент төлемеушілерді жазаға тартуға бағытталған бірлескен іс-шаралар әзірленді, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды», — делінген ақпаратта.  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *