Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да балаларға қызылшаға қарсы жаппай вакцина салынып жатыр

Елімізде қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасы жүріп жатыр. Вирустың жылдам таралып жатқанына алаңдаған солтүстікқазақстандықтар, балаларын емханаларға әкелуде. Өңірде екпе салатын 91 арнайы бригада жасақталды. Яғни  бұл жұмыстарға мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды тілшіміз.

Қызылша жұқтырған науқастардың саны күн сайын артып жатыр.   Дерттің дендегеніне алаңдаған ата– аналар қазір жаппай емханаларға ағылуда.  Солардың бірі Петропавл қаласының тұрғыны Бағдат Жүсіпова. Ол алты айлық баласына екпе салдыртты. 

«Қазір сырқаттанып қалған жандар өте көп. Және вирус тез таралады. Ал аурудың алдын алудың бір ғана жолы бар. Ол- вакцинация. Біз ата-аналар  балаларымыздың денсаулығына, өміріне жауаптымыз ғой. Сол себепті отбасымызбен ақылдасып, осындай  ортақ шешімге келдік» , — деді Петропавл қаласының тұрғыны Бағдат Жүсіпова.

Әзірге алты және он бір айлық шақалақтарға екпе салынып жатыр.  Өңірде мұндай екі жарым мыңға жуық бала бар. Иммундау жұмыстарына деп 91 бригада жасақталды. Яғни мыңнан астам медицина қызметкері арнайы оқытудан өтті. 

«Ата-аналар жауапкершілікпен қарап жатыр, бұл іс –шараға. Біздің емханамызда күніне екпе салдыртуға орта есеппен 25-30 бала келіп жатыр. Негізінен жұмыс кешкі сағат төрттен бастап қызады. Біздің емханада алты айлықтан он бір айлық балалардың саны -313. Олардың барлығына осы қараша айында  екпе қоямыз деп оайламын»,- деді №3 қалалық емхананың инфекционист – дәрігері Әсем Сайлаубекова. 

Былтыр облыста қызылша жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеді.  Ал биыл 29 адам сырқаттанған. Дені екпе алмаған балалар. Сондықтан денсаулық сақтау басқармасындағы мамандар қосымша вакцинаға тапсырыс берді. 

«Облысымызда бүгінгі күні 9 мың доза вакцина бар. Алдағы уақытта  қосымша 30 650 данасы жеткізіледі. Себебі үнемделген 93 миллион теңгеге біз тағы алдыртып жатырмыз. Ол сәтін салса, желтоқсан айында жеткізілетін болады. Медициналық ұйымдардың дайындығы жақсы. Халық кешеден бері жаппай келіп жатыр»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының  орынбасары Нұржан Тағаниязов.

Вакцинаның кезекті партиясы өңірге жеткен соң, 2 және 5 жастағы балаларға салына бастайды. Бұл ретте дәрігерлер халықты иммундау науқанына бей-жай қарамау керектігін ескертеді. Себебі ауру асқынып кетсе, арты өлімге әкелуі де мүмкін. 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *