Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да ел қазынасынан 34 миллиард теңге бөлінген 12 шекара бекетінің құрылысы уақытылы аяқталмады….

Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан салынып жатқан 12 шекара бекеті уақытында пайдалануға берілмеді.  Оның құрылысына ел қазынасынан 34 милилард теңгеге жуық қаржы бөлінген еді. «Қауіпсіз ел» бағдарламасы бойынша салынып жатқан әскери қалашықтар жоспар бойнша биыл қараша айында тапсырылуы тиіс болатын. Алайда кейбірінде шаруалар мүлдем тоқтап тұр, деп хабарлай тілшіміз.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас аймақтарында 12 бірдей бекет салына бастады. Солардың бірі- Қызылжар ауданына қарасты Долматово ауылының маңында орналасқан. Жоба бойынша бұл жерде шағын әскери қалашық бой көтеруі тиіс. Қазір мұнда он бес адам жұмыс істеп жатыр. Ал, техникалар аумақ сыртында қаңтарылып тұр. «Жаңбырдан кейін жердің беті езіліп тұрып қалдық», — дейді құрылысшылар. Олар бәрін қолайсыз ауа – райына жауып отыр.

«Жаңбыр жауса жер езіліп, батпаққа айналады. Сәйкесінше техникалар  өте алмайды. Тіпті жұмысшыларға да ауыр. Аяқ алып жүре алмайсың. Құрылыс  материалдарын ішке кіргізу де оңай емес. Ішке бетон құюға да мүмкіндік жоқ. Себебі көлікпен нысанға жақындай алмаймыз», — дейді құрылыс учаскесінің басшысы Мәди Баймағамбетов.  

12 әскери қалашықтың құрылысына республикалық бюджеттен 34 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бірақ олардың  ешқайсысы уақытында тапсырылмады. «Аралағаш» және «Қызылту» бекеттерінде жұмыс мүлдем тоқтап тұр.

«Қазір облыс бойынша екі шекара бекетінде жұмыстар жақсы  жүріп жатыр. Ал, қалғандарында құрылыс неге баяу екенін нақты айта алмаймын.  Енді жоспар бойынша бұл нысандар 2024 жылы жылдың екінші тоқсанында тапсырылады деген жоспар бар», — дейді ҚР ҰҚК шекара қызметі сқо бойынша департаменті бастығының орынбасары Сәкен Ормантаев.

 

Осылайша құрылыс мерзімі келесі жылға шегерілді. Құрылыс жұмыстары нақты қай айда аяқталатынын да белгісіз. Ал оған дейін елдің шетінде, желдің өтінде жүрген шекарашыларға бәз-баяғыша қызмет етуге тура келеді. Олар ауыл – ауылдарда біреудің үйін жалдап тұрады. Бекеті де сол.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *