Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да мәдениет үйінің бұрыңғы директоры бас бостандығынан айырылды

Петропавлда мәдениет үйінің директоры бас бостандығынан айырылды. Мұнымен қоса қалалық соттың шешімімен сондай-ақ ішкі аудит департаментінің заңгері, бюджеттік қаражатты жымқырған серіктестік  басшысы мен оларға пара берген жеке кәсіпкер де сотталды, деп хабарлайды тілшіміз.  

Сот материалдарының құжаттарына сүйенсек өткен жылы қазан айында Петропавл қалалық мәдениет үйінің директоры ішкі мемлекеттік аудит департаментінің заңгерімен бірге, мәдени ошақтың көрермен залын жөндеуге рұқсат адамды шеттетіп, басқа серіктестікпен заңсыз келісімшарт жасасқан.  

Ал ол меродігер жұмысты тиісті көлемде орындамағанымен, Мәдениет үйінің директоры мен бюджеттік қаражатты жымқырған серіктестік басшысы жұмысты еш кедергісіз қабылдаған. Осылайша, олар бюджет қаражатын ұрлап, мемлекетке 7 миллион теңгеден астам шығын келтірген екен.  Мұнымен қоса мәдениет үйінің басшысы жеке кәсіпкерден орындалған жұмыс актісіне қол қойғаны және сахналық қойылымдарды безендіру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасағаны үшін 454 мың теңге көлемінде пара алған.

Айта кету қажет былтыр жыл соғында аталған  мәдениет үйінің көремен залының төбесі опырылып түскен болатын. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай кешкі уақытта болған.

Айыпталушылар өз кінәсін мойындамады. Дей тұрғанмен олардың бұл заңсыздығы куәгерлер мен сарапшылардың айғақтарымен, жазбаша дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Судья үкім шығарған кезде олардың жас балалары бар екенін ескерді.

Осылайша, мәдениет үйінің директоры 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Оның асырауында 1 кәмелетке толмаған және 3 жас баланың болуына байланысты сот жазаны орындауды 5 жыл мерзімге кейінге шегерді.

Ал ішкі аудит департаментінің заңгері 4 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот серіктестік басшысын 3 жылға соттау туралы шешім шығарды. Ол да жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Ал пара берген жеке кәсіпкерге параның 25 еселенген сомасына тең айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Бұл 11 350 000 теңгеге .  

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Айта кету қажет сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Яғни айыпталушылар аппеляциялық сотқа шүгіне алады.  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *