Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да заңсыз 198 заңсыз қоқыс орны анықталды

Биыл СҚО-да ғарыштық мониторинг қоқыс төгетін 274 орынды анықтаған. Оның 198-і заңсыз үйілгендігі белгілі болды. Қалған 76-сының да жағдайы мәз емес. Қоқыс белгіленген шекарадан асып кеткен, деп хабарлайды  тілшіміз.

СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың мәліметінше өңірде 267 полигон жойылған.

«Облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдыққа арналған 453 орын бар. Оның 102-сінің жер актілері жоқ. Рұқсат құжаттамасы тек 11 полигонда ғана бар», – деп атап өтті Азамат Бектасов.

Өңірде осы мәселеге қатысты арнайы мобильді топ құрылған. Оның құрамына полицейлер, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері және экология департаментінің қызметкерлері кіреді. Жергілікті полиция қызметінің сөзінше, арнайы жұмыс тобы аймақта рұқсат етілмеген 61 қоқыс орнын анықтаған.

«Соңғы 10 айда 13431 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 2503-і ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша болса, қалған 10928-і абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты. Оларға арнайы хаттама толтырылды. Және жалпы сомасы 44 546 385 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Оның 26124884 теңгесі өндірілді», – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *