Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тимирязев аудандық ауруханасында 54 миллион теңгенің заңбұзушылығы анықталды

Тимирязев аудандық ауруханасында жалпы сомасы 54,3 миллион теңгенінің заңбұзушылығы әшкере болды. Оны медициналық ұйымда тексеріс жүргізген облыстық тексеру комиссиясының мүшелері анықтады. Ал оның 52,7 миллион теңгесі – тиімсіз жоспарлауға тиесілі, деп хабарлайды  тілшіміз.

Тексеру комиссиясының мәліметінше, келтірілген шығын 1,7 миллион  теңгені құрады. Осы соманың 454,5 мың теңгесі кәсіпорынның кірісіне өтелуге, 1,2 миллион теңгесі қалпына келтіруге жатады.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін, әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерін бұзу фактілері бойынша материалдар ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Тимирязев ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жіберілген материалдар бойынша аудит объектісі 60,3 мың теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікті екі лауазымды тұлға көтерді», — деп хабарлайды тексеру комиссиясының мүшелері.

Аудит объектісіне және уәкілетті органға анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама берілді.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *