СҚО-да тұман: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер ертең, 13 қарашада елдің барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды тілшіміз «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының шығысында көктайғақ болып, облыстың батысында, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жаууы ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.
Алматыда түнде және таңертең тұман.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жел екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман.
Түркістан облысында оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.