Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Облыс тұрғындары 5,5 мыңға жуық мысық пен итті тіркеуден өткізді

Солтүстік Қазақстан облысында 5 455 үй жануарлары есепке алынды. Бұл туралы СҚО ветеринария басқармасының мамандары хабарлады. 

Жауапты мамандардың мәліметінше өңір халқы үй жануарларына, әсіресе ит пен мысықтарына чип орнатуға асықпайды. Оның бірнеше себептері де бар. Нақтырақ айтсақ, бірі үй жануарларының терісінің астына чип салудан қорқады, енді бірі мұны тұрғындар өз қаржысын жұмсап жасатпауы керек деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік жануарды есепке алу талаптарын бұзғаны үшін айыппұл төлейсіз.  

Осы ретте айта кетейік, чиптеу құны — бір үй жануарлары үшін 2,5 мың теңгеден басталады. 

Tanba үй жануарларын есепке алу ақпараттық сервисі арқылы солтүстікқазақстандықтар 5,5 мыңға жуық мысық пен итті тіркеуден өткізді.

СҚО әкімдігі Ветеринария басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жататын өңір тұрғындары үй жануарларын тегін тіркей алады. Басқарма аудандардың ветеринариялық станцияларымен үй жануарларын сәйкестендіру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасты, соған сай 12 759 чип сатып алынды. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *