Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінде дәстүрлі «тәтті кітап» фестивалі өтті

Облыс орталығында орналасқан Назарбаев зияткерлік мектебінде дәстүрлі «Тәтті кітап» фестивалі өтті, деп хабарлайды  тілшіміз.

Кезекті фестивальге қатысушылар 10 командаға бөлініп, өзара торт пісіруден сыңға түсті. Оған 7-8 сынып оқушылары қатысты.

«Бұл фестивальді біздің оқушыларымыз асыға күтеді. Балалар көркем әдебиеттің қызықты әлеміне бойлап, оқыған шығармалары бойынша театрландырылған қойылымдар дайындайды. Шығарма бойынша білімдерін көрсетіп, қызықты квесттерге қатысады. Біздің мақсат – кітап оқуды насихаттау. Мұндай ерекше іс-шаралар олардың көркем шығармаларды оқуға шабыттандырады деген ойдамыз. Осы мақсатымызға жетіп, кітапханаға келетін оқырмандар саны артады деген үмітіміз бар» , — дейді НЗМ -нің педагог-кітапханашысы Сәндігүл Ташетова.

Оқушылар Төлен Әбдіковтің «Әке» повесін, Владимир Короленконың «Дети подземелья», Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада», Лев Кассильдің «Ход белой королевы», Дэниел Кистің «Элджернонға арналған гүлдер», Бердібек Соқпақбаевтың «Он алтын жасар чемпион», Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным», Ғабит Мүсіреповтің «Ананың арашасы», Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы», Виктор Астафьевтің «Фотография, на которой меня нет» шығармаларын таңдап, олармен жан-жақты танысты.

«Осы іс-шара арқылы мен торт әзірлеуді үйрендім, кітап оқыдым, сөздік қорыма жаңа сөздер қостым. Төлен Әбдіковтің өмірбаянымен таныстым. Шығарма арқылы ата-ананы, өзге адамдарды құрметтеуді, оларды ренжітпей, сыйлауды үйрендім», – дейді оқушы Арлан Мұхаметғали.

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *