Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавл қалалық №2 емхана директорының міндетін Аманжол Қазиев атқарады

Петропавлдағы №2 қалалық емхана директорының міндетін енді Аманжол Қазиев атқарады. Облытсық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен ол осы қызметке тағайындалды, деп хабарлайды тілшіміз.

Қазиев Аманжол Жамақұлы 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка ауданы Октябрьское ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Ақмола теміржол медициналық колледжін фельдшер мамандығы бойынша аяқтаған.

2005 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын емдеу ісі факультетін тамамдаған.

2005 — 2006 жылдары аралығында Солтүстік Қазақстан облысының облыстық ауруханасының базасында хирургия бойынша интернатурадан өтті.

2006 жылы Павлодар қаласында «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

Еңбек жолын 1998 жылы Тимирязев аудандық орталық ауруханасының «Жедел жәрдем» фельдшері болып бастаған.

2002 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшері болып жұмыс істеді.

2005 жылдың қыркүйегінен бастап Петропавл қаласының көшпелі жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігері.

2006 жылдың маусым айынан бастап Петропавл қаласының Облыстық ересектер ауруханасына анестезиолог — реаниматолог дәрігер болып қабылданды.

2010 жылдың тамыз айынан Мамлютка қаласының Мамлют аудандық орталық ауруханасында анестезиолог — реаниматолог дәрігер.

2015 жылдың мамыр айында Мамлют ОАА бас дәрігерінің емдеу работе жөніндегі орынбасары лауазымына ауыстырылды.

2018 жылдың қараша айынан бастап «Явленка аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері болып жұмыс істеді.

2023 жылдың ақпан айынан бастап «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басшысының емдеу жұмысы, ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2023 жылғы 23 мамырдан бастап «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ емдеу жұмысы, ана мен баланы қорғау бойынша басшысының орынбасары

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған медициналық ұйымды басқарған Жеңіс Әбілев тамыз айында қайтыс болған еді.  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *