Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да әкімдік қызметкерлері 4,3 миллиард теңгені негізсіз жұмсамақ болды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджеттік қаражатты жұмсау саласында талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзуды анықтады, деп хабарлайды тілшіміз.  

Облыстық прокуратура өкілдерінің мәліметінше, қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды адамдары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы» ҚР Заңдары талаптарын бұза отырып, 2,5 милилард теңгеге көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

«Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды қызметкерлері бюджеттік кодекстің талаптарына қарамастан, ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген. Сондай-ақ бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген», – делінген облыстықпрокуратура таратқан хабарламада.

Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылып, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі қызметкерлері әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылып, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды. Нәтижесінде прокурорлар 4,3 миллиард теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын  алды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *