Жарияланған күні: 17.11.2023
Петропал қаласында 18 қараша күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ертең, 18 қараша күні облыс орталығында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды тілшіміз.
Оған облыстың бірнеше ауданынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады деп жоспарланып отыр. Олар:
«Алтын Арман»» базарында — Айыртау, Тайынша және Шал ақын аудандары;
«Қызылжар Ақбастау» базарында — Аққайың және Қызылжар аудандары; «Дария» базарында — М.Жұмабаев ауданы.
Жәрмеңке таңғы сағат 8-30-дан 12-00-ге дейін жалғасады.