Петропавл қаласында қайтыс болған 200-ден астам адам баспана кезегіне қойылған
Петропавлда мемлекеттік қордан баспана алу кезегіне қайтыс болғандар мен шетел азаматтары қойылған. Бұл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде жүргізілген прокурорлық тексерістен кейін белгілі болды, деп хабарлайды тілшіміз.
Құзырлы орган өкілдері пәтерлерді бөлуге қатысты заңбұзушылықтарды анықтады. Бүгінгі күні шаhарда барлы5ы 15 мың азамат кезекте тұр. Оның жартысынан астамы жетімдер, мүмкіндігі шектеулі тұрғындар ж2не көпбалалы отбасылар. Әкімдік тізімінен қайтыс болған- 229 және 58 шетел азаматы табылды.
«Сонымен қатар кезектер 10 рет қайталанған жағдайы анықталды. Дәл сол адамдар баспанаға мұқтаждар тізімінде болған. Тексеру барысында заңбұзушылықтар – бос тұрған пәтерлер анықталды. 12 пәтер. Тұрғын үйге мұқтаждар кезегі көп болғанымен, онда адам тұрмаған. Ал кезек көп», — деді Петропавл қаласы прокурорының орынбасары Асхат Әмитов.
Прокурорлар кейде тұрғын үй комиссиясынсыз тұрғын үй берілгенін айтады. Оның үстіне жаңадан келген тұрғындардың кейбірі тіпті кезекке де тұрмаған.
Қадағалау органы пәтерлерді беру туралы шешімді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары өз еркімен шығарған деп есептейді.
Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылық үшін лауазымды тұлғаға қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы әдеп жөніндегі кеңесте ескерту берілді.
Прокуратура қылмыстық іс қозғады. Бірақ сотқа дейінгі тергеу құпиясына сілтеп, бұл былыққа кімнің қатысы бар екені және өзге де мәліметтер айтылмады.