Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда кәсіпкерден 50 миллион теңге ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

Петропавлда кәсіпкерден 50 миллион теңге ақша бопсалаған екі блогер ұсталды. Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары сауда желісінің басшылығынан ақша талап еткен екі ер азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды тілшіміз. 

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіне Петропавлдағы сауда желілерінің бірінің директоры екі блогердің өзінен ақша бопсалағанын айтып, арызданған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара барысында жәбірленушіден 50 миллион теңге бопсалаған Петропавлдың екі тұрғынын ұстады. 

33 және 34 жастағы екі азаматтың тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған әлеуметтік желілерде парақшалары бар. 

2022 жылдың басынан бастап ер адамдар Петропавлдағы сауда орындарына блогер ретінде рейдтер жүргізіп отырған; сауда желісі және полиция қызметкерлерін арандатып, жанжал туындатып, бейнероликтер түсіріген. 

Олардың желіде YouTube арнасы мен Instagram желісінде бірнеше мың жазылушысы бары анықталды, көпшілігі СҚО тұрғындары. 

Арандатушылық пен жанжал кезінде мерзімі өткен өнімді сату фактісін желеу еткен. Алайда кей жағдайларда — шоколад, сусындар сияқты тауарлардың ақшасын төлемей өздерімен бірге алып кетіп отырған. 

Күдіктілер сонымен​ бірге мемлекеттік органдарға сауда орындарында анықталған заң бұзушылықтар туралы шағымдар жіберген. Осындай әрекеттерімен​ бизнесті жоспардан тыс тексеруге себепші болды. 

Қыркүйек айының басында ер адамдар бопсалау арқылы сауда желісінің өңірлік директорынан 50 млн теңге сомасында ақша талап ете бастаған. Алайда оларды басқарма қызметкерлері талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінде ұстады. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тінту шаралары мен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. 

 

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *