Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да көршілерін балағаттаған мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында көршілерін балағаттаған мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында Нұрлан Бүркіталинге қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды  тілшіміз.

Облыс орталығында әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын барысында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешені СҚО бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Бүркіталиннің ісі қаралды. Мемлекеттік қызметші биыл мамыр айында көршілеріне боғауыз сөздер айтқан. Сәйкесінше олар мемлекеттік қызметкердің үстінен арыз түсірген.

«Материалдарға сәйкес Нұрлан Бүркіталиннің әрекеті мемлекеттік этиканы бұзу болып саналады. Ол барлығына ортақ чатта көршілеріне балағат сөздер айтып, әдепсіз жауап берген. Қызметтік тексеру барысында Сатыбалдина мен Бүркіталиннен түсініктеме алынды. Арызданушы дәлел ретінде WhatsApp желісіндегі жазбаның суретін көрсетті», – деді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Дархан Ермеков.

Басы дауға қалған Нұрлан Бүркіталин бұл айыппен келіспейтіндігін жеткізді. Себебі, сот шешімімен оның іс әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық тіркелмеген. Сондықтан мемлекеттік қызметкердің пікірінше департамент тәртіптік істі қайта қараудан бас тартуы тиіс еді.

«Менің ойымша жауапты органдар  бұл істі негізсіз қарады. Мен еш себепсіз тергелдім», – деді Нұрлан Бүркіталин.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Нұрлан Бүркітәлинге қатаң сқгіс жариялау туралы шешім шығарды.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *