Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды тілшіміз Kazinform. сайтына сілтеме жасап.
Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың артында қалған отбасыларына мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де қолұшын созып жатыр.
Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де осы отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды.
Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып, 46 кенші қаза тапты.
Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.