Жарияланған күні: 22.11.2023
Кезекті апат: Петропавлда жылу құбыры тесілді
Облыс орталығындағы Гоголь – Бөкетов көшелерінің қиылысында орналасқан жылу құбыры жарылды. Қала тұрғыны апатты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды тілшіміз.
Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 қарашада «Петропавл Жылу Желілері» ЖШС жылу желісіндегі зақымдануды жою үшін жөндеу жұмыстарына кірісті.
«Жөндеу кезінде Гоголь көшесі, 14 үйінде температура төмендеуі мүмкін. Болжам бойынша жөндеу жұмысы сағат 02:00-ге дейін жалғасады. Жылумен жабдықтау режимін қалпына келтіру процесі кәсіпорын мамандарының бақылауында болады»,- делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі тартқан хабарламада.