Петропалда 62 жастағы әйелді көлік қағып кетті
Облс орталығында 62 жастағы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды тілшіміз.
Оқыс оқиға кеше Интернационал көшесінде таңғы сағат 11 кезінде болған.
Volkswagen Passat көлігін әйелдің жасымен шамалас ер адам басқарған. Зардап шеккен жанға жедел жәрдем мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті. Науқас 3-ші қалалық аураханаға жатқызылды. Оның сол жақ иығы мен тізесіне зақым келген.
Медициналық сараптама нәтжиесі бойынша жүргізуші сау. Яғни алкогольдік ішімдік ішпеген. Аталған факті бойынша процесуалдық шешім қабылдау мақсатында материал жиналып жатыр.
«Көлік жүргізушісі жылдамдықты сақтамағанның кесірінен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жыл басынан бері өңірде 323 жол-көлік оқиғасы болды. . Салдарынан 39 адам қаза тапты, 463-і әр түрлі дене жарақатын алған. Жаяу жүргіншілердің кінәсі бойынша 25 жол-көлік апаты болды. Ол кезде 1 адам қаза тапты, 24-і жарақат алды. Ал жасөспірімдер арасында 78 жол-көлік оқиғасы болды», — деді облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.