Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім ер адамды пышақтап тастады

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім 51 жастағы ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды тілшіміз. 

Оқыс оқиға 21 қараша күні кешкі сағат 20-00  шамасында Сейфуллин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. Жанжал кезінде екі азамат 51 жастағы ер адамды пышақтап кеткен.

Аталған факт ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша («Бұзақылық») сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қалалық ПБ қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 20 және 17 жастағы облыс орталығының үш тұрғынын ұстады. 

«17 жастағы жасөспірімнің ер азаматқа пышақ салғаны белгілі болды. Айта кетейік, ол бұрын да әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы анықталуда», – делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ал жарақат алған ер адам көп қан жоғалтқан. Қазір нөмірі үшінші көп бейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.

«Пышақ ер адамның жамбас тұсына салынған. Жағдайы орташа ауыр. Ол жарақат бөлімінде жатыр», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кету қажет, 17 жастағы күдікті өткен айда облыстық балалар ауруханасында қоқан –лоқы көрсетіп,  дәрігерлерді тапаншамен қорқытқан.  Алайда бұл ақпаратты полиция департаментіндегілер растамады. Жоққа да шығармады.  

Тәртіп сақшыларының айтуынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етуге жатпайды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *