Петропавлда ҚР Ұлттық ұланы академиясының курсанттары қызылша жұқтырды
Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұлан әскери академиясының командирі мен 14 курсант қызылша жұқтырды, деп хабарлайды тілшіміз.
Қазір науқастардың барлығы ем-дом шараларын қабылдап жатыр. Бұл жөнінде өңірлік коминикациялар орталығында өткен брифингте айтылды. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында инфекцияға шалдыққан 49 адам тіркеген. Яғни олар екпе салдырмағандар. Эпидахуал уақыт өткен сайын қиындап барады. Сондықтан эпидемолог мамандар тұрғындарға вакцина алу керектігін қатаң ескертеді. Жалпы, аймақта балалармен медицина қызметкерлерін жаппай имундау науқаны жүріп жатыр. Аймақта 91 арнайы бригада жасақталған. Желтоқсан айында облысқа қосымша 30 мың доза вакцина жеткізіледі. Ол үшін 93 миллион теңге бөлінді.
«Бұл екпеге бағынатын инфекциялардың бірі. Сондықтан індет болған кезде мекемелер карантинге жабылмайды. Әскери академияға еліміздің басқа қалаларынанда балалар оқиды. Содан бір жағдай курсанттан анықталған болатын. Сонымен жанасқандар арасында қосымша 14 жағдай тіркелді. Әлі де күдіктілер бар», — дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.