Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да бруцеллез ошағы анықталған 4 ауылда шектеу шаралары енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 223 ірі қарадан бруцеллез анықталды, деп хабарлайды тілшміз.

Соңғы дерек Тұғыржап, Үлгілі, Ленинское және Плоское елді мекенінде тіркелген. Зертханалық тексеруден кейін мамандар мұнда жеке кәсіпкердің және тұрғындардың малы кеселге шалдыққанын расталды. Осы жағдайға байланысты төрт ауылда шектеу шаралары енгілді. Мұнда енді мал союға, ет және сүт өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынған. Бүгінде ветеринарлар өңірде үй жануарларын тексеріп, сараптама жасап жатыр. Жұқпалы кеселдің әрі қарай таралуының алдын алу үшін 20 күн сайын төрт түліктен сынама алынады. Аймақта малы санитарлық союға жіберілгендерге 22,6 миллион теңгегеден астам өтемақы төленді.

Жауапты мамандардың айтуынша бруцеллезге  шалдыққан мал саны биыл әжептәуір азайған. Ал былтыр 779 ірі қарадан жұқпа расталды.

«Соңғы дерек қарашаның он үші күні тіркелді. Шаруа қожалығында бес ірі қарадан бруцеллез анықталды. Қазіргі уақытта ол ауылда шектеу шаралары енгізілді.  Ауру мал бірден сою алаңына жіберілді. Оны қолдануға болмайды. Ол өңделеді», — деді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *