Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Петропавловск
-7°C
Пасмурно
Источник погодных данных: Ауа райы
05:49:28Четверг

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропалдағы ҚР Ұлттық ұланның академиясында шектеу шаралары енгізілді

Петропавлда ҚР Ұлттық ұланының академиясында қызылша дертінің жаппай таралуына байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды тілшіміз.  

Себебі оқу ордасында 46 адам жұқпаға шалдыққан. Зертханалық тексерістен кейін оның 26-нан инфекция расталды. Қалғаны сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Бүгінде науқастар медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр. Олармен ұжымдағылардың барлығы қарым- қатынаста болған. Сол себепті болашақта эпидахуал тіптен күрделенуі мүмкін. Бүгінде академияда 650-ге жуық адамға қызылшаға қарсы вакцина салынды.

«12-ші қарашадан бері бізде 46 азамат ауырып қалды. Оның үшеуі офицер, екеуі келісім шарт бойынша жұмыс істейді. Қалғаны — курсанттар. 24 адам аурудан айықты. Қазір оқу ордасында маскалық режим енгізілді. Ғимарат ішін желдетіп, зарарасыздандырып отырамыз. Егер эпидахуал тіптен қиындаса, шектеу шараларын қатаңдатылады», -деді ҚР ҰҰ академиясының медициналық қызмет бастығы Азамат Тақтарбаев.   

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *