Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Петропавлда сыныптастарын балтамен ұрған жасөспірімге сот үкім шығарды

Петропавлда мектепке балта  әкеліп, үш баланы жарақаттаған жасаөспірім ісіне нүкте қойылды. Алқа билердің қатысуымен өткен сотта оқушыларды өлтіруге оқталған кәмелет жасына толмаған бала кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 9 айға сотталды, деп хабарлайды тілшіміз. 

Оқыс оқиға осы жылдың 13 ақпанында болды. Тоғызыншы сынып оқушысының әрекеті Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі, 1, 9, 14-тармақтары бойынша (Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу) қаралған. Істі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Оған алқабилер қатысты. Сот жабық режимде өтті, журналистер тек үкім жарияланар кезде шақырылды. Прокурор сотталушыны 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сараптамаларға сәйкес, сотталушының есі дұрыс және қылмыс жасаған кезде аффект жағдайында болмағаны анықталды. Сот кәмелетке толмаған сотталушыны кінәлі деп тапты.

«Сотталушы Давид Джакиладзеге жасаған қылмысының ауырлығын және оған өкінбейтінін ескере отырып, 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді, жазасын кәмелетке толмағандарды қамауда ұстайтын қауіптілігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді», — деп үкімді оқыды судья Әбдіқаххар Еркебаев.

Сондай-ақ сот екі жәбірленушіге 1,5 және 3 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап арызды қанағаттандырды.

Еске сала кетейік, 13 ақпан күні Петропавл қаласының 4-орта мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады.

Ол психиатриялық есепте тұрған.

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *