Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«TikTok-ер ұстаздар»: Петропавлда мұғалімдер сабақты желі арқылы өткізеді

Петропавлдағы №13 орта мектепте мұғалім қазақ тілі сабағын TikTok желісі арқылы өткізіп, оқушылар мен желіде жқртшылықты тәнті етуде, деп хабарлайды тілшіміз. 

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әлия Сапарбекованың айтуынша пәнді өтуде түрлі ақпараттар өте көп. Ал оқушыларға мұның бәрін өздеріне сіңіру оңай емес екен. 

«Әрине біз сабақты басынан аяғына дейін түсірмейміз. Оқушылар үйге барғанда естеріне салу үшін осылай сабақ арасында видеоға түсіріп жүктеп тұрамыз. Мектепте толық сабақты өткіземіз. Ал TikTok желісі арқылы балаларға түсіну оңай. Ең бастысы олардың пәнге деген қызығушылығы артқан. Қазақ тілін үйренуге талпынып тұрады», – деді Алия Сапарбекова. 

Оқушылар желіні ұстаздарымен бірге пайдалы контент түсіру үшін пайдаланады. 

«Бізге желіде өте көп адам жазылған. Мәселен менің құрбым біздің роликтерімізді күнде көріп отырады. Қазір тіпті көптеген қазақша сөздерді жаттап алған”, “TikTok-ты қосып, өзім өткен тақырыпты бір қарап аламын да бәрін есіме түсіремін. Тек сабақтың барлығын TikTok-қа түсірмейтініміз өкінішті», – деді оқушылар. 

Оқытудың бұл әдісі тіпті ата-аналарды қуантқан. Қазір олар мектеп жиналысына қалмай келуде. 

Екатерина Шевелева да колледж студенттеріне қажетті ақпаратты осы TikTok желісіне салу арқылы студенттеріне оңай жеткізеді. Мұғалім бастысы қаралым емес, бастысы білімге қызықтыру екенін айтады.

«Сабақ берудің дәстүрлі түрін қатаң қолданудың маңызы жоқ. Сабақта жаңа тәсілдерді де пайдаланып көру керек», – деді ұстаз. 

Екатеринаның студенттері де сабақтың қызықты өтетінін айтады. Осы арқылы бүгінде студенттердің сабаққа деген құлшынысы артқан. 

Екі мұғаім де қазір желіде өткізіліп жатқан «Үздік ұстаз» байқауына қатысып жатыр екен. 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *