Петропавлда қатты аяздың салдарынан газ қатып жатыр

Петропавл қаласында қатты аяздың салдарынан көпқабатты тұрғын үйлерге берілетін газ қатып қалып жатыр, деп хабарлайды тілшіміз.
Шаһарда 39 үйдің тұрғындары көгілдір отынсыз отыруға мәжбүр. Бұл шамамен үш мың пәтер.
Сала мамандары бұған газдың құрамындағы бутан мен пропанның қатты аяздың кесірінен мүлдем буланбайтынын айтып отыр.
Сарышұнақ аяз басталғалы апаттық-диспетчерлік орталықтың қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бүгінде өңірде ауа температуарасы кей жерлерде 40 градусқа дейін төмендеп кеткен.
«Монополияға қарсы департамент өкілдері бекіткен баға бойынша біз техникалық пропан газын сатып ала алмай отырмыз. Міне мәселенің туындағынан төртінші айдан асты. Егерде алдағы уақытта осындай қатты аязды күндер қайталанатын болса, көгілдір отынсыз қалатын үйлердің саны артуы мүмкін», — деді «Горгаз» ЖШС директоры Олег Иванов.

