Петропавлдық полицейлер қатты аязда үйсіз жүрген 64 адамды арнайы орынға жайғастырды

Петропавлдық полицейлер қатты аязда үйсіз жүрген 64 адамды орынға жеткізді, деп хабарлайды тілшіміз.
Солтүстік Қазақстанда сынап бағанасы -40 градусұа дейін төмендеп кетті. Азды күндері Петропавл қалалық ПБ қабылдағыш-таратқыштың іріктеу тобы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлер құдықтар мен жылу желілерін, жертөлелер мен шатырларды, қараусыз қалған үйлерді тексеруде. Тұрғылықты жері жоқ адамдар арнайы орынға жеткізіледі. Мұнда олар фото және бейне есепке қою, саусақ ізін түсіру, ҚР ІІМ деректер базасы бойынша тексеру рәсімдерінен өтеді.
Қызыл жарты ай қоғамының аймақтық филиалының еріктілері үйсіздердің тағдырына бей жай қарамайды. Ыстық ас, жылы киімдер таратып, тұрақты түрде көмектеседі.

Жалпы аяз күндері жылу трассалары мен құдықтардан 64 үйсіз адам жылы орныға жеткізілген. Барлығы 11 айда 2 мыңнан астам адам осы орыннан пана тапқан. ІІМ базалары бойынша тексеру барысында ТМД елдерінің аумағында іздеуде жүрген 4 адам және ҚР-да жасалған қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталды.

