Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

СҚО-да заңсыз пиротехникалық бұйым сатқандарға жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз пиротехникалық өнімдер тәркіленіп жатыр. Тек екі күнде қулыққа басып, оны астыртын сатқан саудагерлерге жарты миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды тілшіміз.  

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен тәртіп сақшылары бірлесіп, базарлардағы тексерісті күшейтті. Олар жарылғыш бұйымдардың сапасымен мерзімін қарап жатыр. Ал далада ашық сауда жасап тұрғандардың көбінің ешқандай рұқсат құжаты болмаған. Мұндай рейд өңірде 3 қаңтарға дейін жалғасады.  «Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», — дейді полицейлер. 

 «Жедел алдын алу шарасы 25 желтоқсанда басталды. Содан бастап 300-ден астам сертификатталмаған өнім тәркіленіп алдынды. 9 әкімшілік хаттама толтырылып, саудагерлерге 400 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Жалпы бүгінгі күні облыста пиротехникалық бұйымдарды сататын мамандандырылған екі ғана дүкен бар», — деді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *