Орман шаруашылықтарының 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Облыстық прокуратураның талдауы шеңберінде Орман кодексінің талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталды.
Орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерді елемеуі, оның ішінде 534 га аумақта орманды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбеуі, сондай-ақ ағаш жіберуді орындамағандары белгілі болды.
— Орман шаруашылығының лауазымды тұлғалары осы шарттық міндеттемелердің орындалуына тиісті бақылауды жүзеге асыру үшін шаралар қабылдамаған.
Тағы бір жағдайда облыстың орман шаруашылықтары (Аққайың, Булаев, Есіл, Пресновка, Жамбыл, Орлиногорск, Мамлют) жеке тұлғаларға ағаш сатуға орман билеттерін заңда белгіленген нормадан жоғары көлемде берген, — деп жазды бақылаушы органнан.
Қадағалау органының актісі бойынша орман шаруашылықтарының 7 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 11 млн теңге көлемінде ормандарды молықтыру төлемі өндірілді.
Сондай-ақ әзірленген кешенді жоспар аясында жіберілген бұзушылықтарды жою шаралары қабылдануда.