Жарияланған күні: 15.02.2024
Жол-көлік оқиғасы: Бір адам көз жұмды
Кеше сағат 21:40 шамасында «Петропавл – Есіл» тасжолында жеңіл автокөлік пен «КамАЗ» маркілі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан «Лада Приора» теміртұлпарын тізгіндеген жүргізуші апат орын алған жерде жан тапсырды.
Жол-көлік оқиғасы Қызылжар ауданына қарасты Соколовка ауылының маңында тіркелді. СҚО полиция департаментінің хабарлауынша, қос көлік айыптұрағына жеткізілді.
Аталған факт «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Қазақстанда дизель отынының бірыңғай бағасын белгілеу жоспарлануда