«Қызылжар жастары» бағдарламасы арқылы үйлі болуға мүмкіндік бар
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғындарымен өткен кездесуде баспана мәселесіне тоқталып, биыл Петропавлда жастарға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты.
СҚО әкімі биыл Петропавлда «Қызылжар жастары» бағдарламасы аясында баспаналы бола алатынын жеткізді. Оның сөзінше, жаңа тұрғын үйлерден пәтер денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында қызмет ететін жас отбасыларға берілетінін айтты.
– Биыл Петропавлда 20 көпқабатты баспана тұрғызылады. Оның бірі жалдамалы коммуналдық үй болмақ. 50 пәтер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қарастырылған. Бұл, әрине, аздық етеді. Сондықтан жыл соңына дейін қосымша 93 азаматқа баспана беру көзделіп отыр, — деді СҚО әкімі.