Террористік ұйымның туын әлеуметтік желіде жариялаған азамат жазаланды
Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғынына террористік ұйымының туын мобильді қосымшадағы өз аккаунтының профиліне фотосурет ретінде орналастырғаны үшін айыппұл салынды.
Бұл фактіні Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында анықтады. Ер адам орналастырылған суретке Қазақстан Республикасының аумағында Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынған. Нәтижесінде мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзушы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ірі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елге экстремистік әдебиеттерді әкелу әрекетін тоқтатты, сондай-ақ интернет арқылы діни материалдарды заңсыз таратудың 5 фактісін анықтады. Тәртіп сақшылары діни мазмұндағы тыйым салынбаған ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тек ғибадат үйлерінде, рухани білім беру ұйымдарында және арнайы белгіленген стационарлық үй-жайларда таратуға рұқсат етілгендігін еске салады.