Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Есірткілік масаң күйде көлік тізгіндеген

Демалыс күндері солтүстікқазақстандық полицейлер күшейтілген түрде қызмет атқарды. 15 наурызда басталған “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері есепте тұрған жандарды тексеріп, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылау шараларын қолға алды. Жүргізушілердің жолдағы тәртібін нығайту да басты назарда.

13 наурыз күні Көкшетау – Рузаевка автожолында 46 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Audi автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің көлікті басқаруы күмәнді көрінгендіктен, полицейлерге оны тоқтатты. Оған медициналық куәландырудан өту ұсынылды. Нәтижесінде ер адамның есірткілік масаң күйде екені анықталды. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

– Жыл басынан облыс жолдарында 39 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 7 адам көз жұмды, 65 адам жарақаттар алды. Ал 6 адам қаза тауып, 41 адам жарақаттанған 18 жол апаты республикалық маңыздағы жолдарда тіркелді. 2 айдың ішінде облыс аумағында апаттылыққа тікелей әсер ететін жол жүрісі қағидаларының 5 мыңға тарта бұзушылығы анықталды. Әрбір заңбұзушылық салдары ауыр болатын жол апаттарына алып келуі мүмкін екенін естен шығармаңыздар. Жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін және жол қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігін нығайту үшін күшейтілген жұмыстар жалғасын табады, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

165 жол учаскесін су басуы ықтимал

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *