Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Сілеті өзенінің мұзын жару жұмыстары жүргізілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды. Су тасқынына қарсы іс-шара Қулыкөл ауылының маңындағы Сілеті өзенінде өтті.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 наурызда «КМD Холди» ЖШС мамандары Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылының маңындағы Сілеті өзенінің 3 учаскесінде жарылыс жұмыстарын жүргізді. Жалпы ауданы — 1 200 шаршы метр.

Көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстың тиісті деңгейде атқарылуын төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы, аудан әкімдігінің және Қулыкөл ауылдық округі әкімдігінің өкілдері бақылады. Қауіпсіздікті Қулыкөл ауылдық округінің учаскелік полициясы қамтамасыз етті.

 — Мұз жамылғысын жару — көктемгі мұз ағыны кезеңінде кептелістің тумауы, тасқын судың жолын ашу үшін және Қулыкөл ауылдық округінің елді мекендерін көктемгі су тасқыны кезінде су басудан қорғау мақсатында жүргізілді. Мұзды ұсақтау нәтижесінде өзенде кептелістердің пайда болу мүмкіндігі азаяды. Бұл судың көтерілу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Мұз жару жұмыстарынан кейін өзеннің мұз бетінде жарықтар пайда болады. Сол себепті оның үстіне шығу аса қауіпті екенін ескертеміз, — дейді құтқару қызметі.

СҚО әкімі жерлестерімізді Наурыз мейрамымен құттықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *