Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Мұғалім болған келіншек Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан

10 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық мектептерінің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген әйел есірткіні ірі көлемде сатқаны үшін ұсталды. Ол осыдан  бірнеше жыл бұрын жұмыстан шығып, есірткі заттарын қолдана бастаған. Заңсыз әрекетке барған әйелді полицейлер Ақмола облысының Степногорск қаласында ұстады.

Әйелді тінту кезінде полицейлер 14 байлам есірткі тәркілеген. Кейінен 37 жастағы азамат басқа да наша  жасырған орындарын көрсетті.

«Ол жерден қызметкерлер тағы екі үлкен бомба деп аталатын және 4 доза бойынша оралған орам тапқан. Заңсыз әрекетке барған әйел Степногорск қаласына есітркі жасыру үшін бірнеше күнге келген екен. Жалға алған пәтерінен де жедел уәкілдер  тыйым салынған затпен тағы 105 орамды, сондай-ақ есірткіні доза бойынша өлшеп-орауға арналған құрылғыларды тапқан. Сараптама нәтижесіне сай, тәркіленген зат салмағы 62,5 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткісі екені расталған. Бұл өте үлкен мөлшерде есірткі сату қылмысы болып табылады. Ұсталған азаматшаның айтуынша, ол 2023 жылдың соңында Telegram қосымшасынан жұмыс тапқан. Жеңіл табыс оны қызықтырып, жұмыс істеуге келіскен.  Кураторының нұсқауы бойынша ол Степногорск қаласына есірткіні жасырын қойып кету үшін келгені анықталды», – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта есірткіні өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Тоғыз ірі қарадан бруцеллез анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *