Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Тоғыз ірі қарадан бруцеллез анықталды

СҚО-ның бес ауданында 9 ірі қарадан бруцеллез анықталып, мал сою алаңына жіберілді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы дәл осы мерзім ішінде бруцеллезге 44 ірі қара шалдықты. 

Бруцеллезді жұқтырған малдың дені –Қызылжар ауданында, Айыртау, Аққайың, Ақжар және Тимирязев аудандарында бір-бір фактіден анықталды.

– Жұқпалы ауру Тимирязев ауданындағы Докучаево елді мекеніндегі орналасқан «Атамекен-Агро-Тимирязево» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Айыртау ауданына қарасты Шалқар ауылындағы «Юлия» шаруа қожалығында тіркелді. Бруцеллезге шалдыққан мал тұрғындардың жеке қора-қопсаларында да анықталды, – дейді облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.

Ауру анықталған аудандардың бірінде ғана шектеу шаралары енгізлген. Ол — Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында. Айта кеткен жөн, бұл елді мекенде бруцеллез өткен жылдың шілде айынан тіркелді. Биыл да бұл ауылда кеселге шалдыққан мал табылды. Қазіргі уақытта бұл ауылда республикалық эпизотикалық жасақ мамандары әр 15-20 күн ішінде ірі қарадан сынама алып жатыр.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, көктемгі жоспарлы профилактикалық шаралар аясында 177 431 малдан қан сынамасы алынды. Оның ішінде – 76049-ы ірі қара, 100803-і ұсақ мал басы, 450-і шошқа, 103-і жылқы және 26-сы ит.

Өртенген үйден 5 адам құтқарылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *