Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

17 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар мемлекеттік сатып алу саласында қадағалауды күшейтті және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдады.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуда қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд теңгенің 11 заңсыз конкурсы жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде алтауы — мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, соның 3-еуі жұмыстан босатылып, 3-еуі қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын өрескел бұзған. Ол орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, жеткізушіге тарату желілерін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлегені, іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін 6,7 млн теңге төлем жасаған.

Ал, Тимирязев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы заң талаптарына қайшы, тапсырысты алушыға балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 19,9 млн теңге төлеген.

Осындай заң бұзушылықтарға Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі де жол беріп, алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 млн теңге төлеген. Ал іс жүзінде оның бірі де орындалмаған.

Қадағалау органының актілері және СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынысы бойынша бұл лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

Мұғалім болған келіншек Ақмола облысында есірткі сатумен айналысқан

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *