Заңсыз қоқыс полигондары жойылды
СҚО прокуратурасы облыс аумағында 10-нан астам заңсыз қоқыс полигонын анықтады. Рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандарында орналасқан.
Бүгіндері жауапты лауазымды тұлғалар анықталған. Олар ҚР Экологиялық кодексінің 365-бабының 4-тармағына сәйкес, облыста коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын және аудан әкімдіктері кодекс талаптарына қайшы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша халыққа арналған тарифтерді әлі бекітпеген.
– Кодекс талаптарын бұза отырып, уәкілетті орган коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормаларын есептеу қағидаларын қабылдамаған, ал әкімдіктердің жауапты тұлғалары қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жұмыстарын ұйымдастырмаған. Аққайың, Мамлют, Қызылжар аудандарында рұқсат етілмеген 10-нан астам қоқыс полигоны анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ облыс әкімдігімен коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормалары, тарифтер мен бағдарламаларды әзірлеу бойынша жол картасы бекітілді, – делінген облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.