Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Сенат депутаты «I-KOMEK» орталығында болып, су тасқынына қарсы шаралармен танысты

Сенат депутаты Әсем Рахметова Петропавлдағы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысты.

Cенатор «I-KOMEK» орталығына барды. Күніне мұнда қала тұрғындарынан 200 қоңырау келіп түседі. Дені коммуналдық шаруашылық саласына тиесілі. Кейін Әсем Рахметова облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығымен кездесті. Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 87 елді мекен есепке алынған. 175 ауылда тиісті шаралар қолға алынып, су басу қаупі толықтай төмендетілді.

Облысымызда су тасқынына төтеп беру үшін арнайы топ құрылған. Оның құрамына ТЖД, полиция департаменті және Ұлттық ұлан қызметкерлері кіреді. Төтенше жағдай кезінде 134 техника мен 472 адам жұмылдырылады.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытқа дейін облыс аумағынан 25 мың текше су сорылды. Сенатор Петропавл су торабына да барды. Ол штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.

 

Есіл өзенінің суы 119 см-ге көтерілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *