Жарияланған күні: 05.04.2024
«Қызылжар» клубының қаражатына сыртқы талдау жүргізілді
СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері кәсіби спорт саласына жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, нәтижесін шығарды.
Аталмыш ведомство басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтың айтуынша, кәсіби спорт саласында жемқорлық тәуекелдің 17 фактісі анықталып, 19 ұсыныс берілді.
– Талдау кезінде анықталғандай, «Қызылжар» футбол клубының қаржылық шығындары бақылауда болмады. Техникалық ерекшеліктерді, мемлекеттік сатып алуды жүргізудегі рәсімдерді, баламалы коммерциялық ұсыныстарды зерделеу барысында дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджет қаражатының жұмсалуын қадағаламағаны белгілі болды, — дейді Айдос Жүнісов.