Жарияланған күні: 09.04.2024
Еріктілер мен әскерилерге тамақ берілді
Облыстық мәслихат депутаттары Сәуле Қуандықова мен Юлия Пронина Тепличное ауылындағы бөгетті нығайтып жатқан әскери қызметшілер мен еріктілерге ыстық шай беріп, тамақ таратты.
Бүгіндері Тепличное ауылындағы бөгетте 150 адам жұмыс істеп жатыр. «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттар оларға алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
– Біз бөгетте еңбек етіп жатқан жұмысшыларға қолдау көрсетуді жөн көрдік. Бұл сыннан тек бірігіп қана өте аламыз. Белсенділік танытып, бөгет басында жүрген барлық жандарға зор ризашылығымызды білдіреміз, — дейді депутат Юлия Пронина.