СҚО-да 4 жол учаскесі жабық
Республикалық маңызы бар 13 жолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет айтты.
— 2024 жылғы 12 сәуірдегі сағат 09:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста — Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО-да 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8 485 метр болатын су тасқыны орын алды, — деді Сәкен Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның дерегінше, 6 облыста — Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО-да республикалық маңызы бар ұзындығы 618 шақырым 13 автомобиль жолдарында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі жолдарда шектеу қойылды:
Ақмола облысы:
— «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 120-184 шақырымы;
— «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 856-917 шақырымы.
Ақтөбе облысы:
— «Қандыағаш — Ембі — Шалқар — Ырғыз» тас жолының 3-92 шақырымы.
3. Атырау облысы:
— «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» тас жолының 4-119 шақырымы;
— «Мұқыр — Құлсары» тас жолының 0-136 шақырымы.
4. Қостанай облысы:
— «Мариновка ауылына кіреберіс» тас жолының 0-9 шақырымы;
— «Денисовка Тавриченка — Аршалы — Комаровка» тас жолының 42-96 шақырымы,
— «Қостанай — Жақсы — Қарабұтақ — Қостанай» тас жолының 4-5 шақырымы.
5. Маңғыстау облысы:
— «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» тас жолының 210-220 шақырымы.
6. Солтүстік Қазақстан облысы:
— «Рощинское — Корнеевка — Волошинка» тас жолының 0-47 шақырымы;
— «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 869-875 шақырымы;
— «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 835-856 шақырымы;
— «Челябинск-Новосибирск» тас жолының 525-530 шақырымы.