Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

Жіті ішек инфекциясын жұқтырғандар саны — 103

Облыста жіті ішек инфекциясын 103 адам жұқтырды. Оның 54-і — кәмелеттік жасқа толмағандар. 

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының айтуынша, су тасқыны кезеңінде эпидемиолог-мамандар күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Күн сайын жіті ішек инфекцияларының, сальмонеллездің, А вирустық гепатитінің, аса қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

– Көктем мезгілінде жіті ішек инфекциялары қоза түседі. Бұған жыл сайынғы маусымдық құбылыс ретінде қараған жөн. Әрине, су тасқыны кезінде осы аурудың белең алуы ықтимал. Суды қайнатып пайдаланған жөн. Өңірдегі су тасқынына байланысты күн сайын судың сынамасын алып отырғанымызды атап өткен жөн, — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Әсет Жұматаевтың сөзінше, бүгінгі таңда облыста А гепатитін жұқтырудың 3 дерегі тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде де мұндай 3 факті анықталды. Жұқпалы ауруға ересектер шалдықты.

СҚО-да 3071 үйді су басты

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *