Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Источник погодных данных: Ауа райы

Законопослушный гражданин

Ақпарат агенттігі

«Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі — 4 метрге жетті» — фейк

Әлеуметтік желіде Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 4 метрге жеткені туралы жалған хабар таратқан азамат анықталды.

СҚО ПД мәліметінше, сәуірдің 21-і күні белгісіз біреу «Instagram» желісіне Сергеев су қоймасы көрсетілген бейнематериалды жүктеп, жота үстіндегі судың деңгейі 4 метрге жеткенін айтқан болатын. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жалған хабар таратқан азамат Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның сөзінше, бұл ақпаратты сол жерде бейнеконтент түсіріп жатқан бейтаныс адамның сөздерінен естіген. Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабына (жалған ақпарат орналастыру, тарату) сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады, – делінген полиция хабарламасында.

Жіті ішек инфекциясын жұқтырғандар саны – 103

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *