Бойжеткенді суицид жасаудан құтқарды
Петропавлда бесінші қабаттан секірмек болған 20 жастағы бойжеткенді патрульдік полиция батальоны қызметкерлері аман алып қалды.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға жексенбі күні кешке Петропавлдағы Амангелді көшесінде болған. Полицияның жедел арнасына осындағы бес қабатты үйдің жоғарғы қабатындағы балконнан қыздың секіруге оқталғаны туралы хабарлама түседі.
Оқиға орнына полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Бақтияр Дощанов пен оның әріптесі Азамат Темірханов жіберілді. Полицейлер жағдайды бағалап, жедел әрекет етті.
— Пәтерге жүгіріп кіріп, балконның екінші терезесі арқылы далаға шықтым. Әріптесім бұл кезде ішінде тұрды, қызды пәтерге аман-есен кіргіздік. Төменде ешқандай сақтандыру болмады, құтқаруға небәрі 3 минут кеткен шығар, — дейді полиция капитаны Бахтияр Дощанов.
Мән-жайды анықтау үшін 20 жастағы қыз жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылып, полиция басқармасына жеткізілді.
Су тасқыны кезінде жоғалған ер адамның өлі денесі табылды