Жарияланған күні: 15.05.2024
Жол-көлік апаты қателікті кешірмейді: 14 адам қаза тапты
Соңғы 4 айдың ішінде облыс жолдарында 14 адам қаза тапса, 168 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Былтыр осы кезеңде 64 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам көз жұмды.
— Петропавлда 59 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан үш адам көз жұмса, 68-і түрлі дене жарақатын алды. Қызылжар ауданында – 11, Тайынша ауданында – 9 жол апаты тіркелді, — деді облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы Саян Асқаров.
Тіркелген жол-көлік оқиғаларының 88 пайызы ер азаматтарға тиесілі екен. Яғни, әйелдерге қарағанда олар көбірек жол ережелерін бұзады.
Аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы пара алды