62 жастағы мас жүргізуші ұсталды
Жыл басынан бері облыста 27 мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі. Жақында «ВАЗ-2106» автокөлігін басқарған 62 жастағы азамат ұсталды.
Қызылжар ауданының тұрғыны жол полицейлерінің тоқта деген бұйрығын елемей, қаша жөнелген. Теміртұлпарды тізгіндеген Қызылжар ауданының тұрғыны «Челябі — Новосібір» республикалық трассасы бағыты бойынша жасырынуға тырысқан. Кейін құқық бұзушы қоқыс жатқан жерге қарай бұрылып, ізін суытпақ болды. Ол жолындағы арықтың кесірінен алысқа ұзай алмады. Жарға ілінген көлік әрмен қарай жүре алмады. Полицейлер жүргізушіні салоннан шығарып алып, медициналық куәландыруға жеткізді. Сараптама оның алкогольдік ішімдік ішкенін растады.
Қызылжар аудандық ПБ бастығы Петр Климовтың айтуынша, қазіргі уақытта жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Белгілі болғандай, ол бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, содан бері жүргізуші куәлігін қалпына келтірмеген.
«Sensitive» би ансамбліне көрсетілген құрмет